АЗОТ БАҒАСЫ АРЗАНДАЙТЫН БОЛДЫ

Үкімет пен «ҚазАзот» компаниясы осындай келісімге келді, деп хабарлайды Мalbazar.kz.

Үкімет көктемгі дала жұмыстары басталмас бұрын тыңайтқыштарды жеткізушілермен келіссөздер жүргізуде. Мақсат – бағаны төмендету.


Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, пестицидтердің сатылымын субсидиялауға 29,7 млрд теңге бөлінген. Бұл егістік алқаптарын толық қамтуға жеткілікті көрінеді. Биыл көктемгі дала жұмыстары кезінде шамамен 659 мың тонна тыңайтқыш қолданылмақ.


Мәселен, Үкімет пен «ҚазАзот» компаниясы келісімге келіп, тараптар отандық аммиак селитрасының бағасын 16 наурыздан бастап 200 мың теңгеден 160 мың теңгеге дейін арзандататын болды.

Артқа оралу Келесі жазба