ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚЫМБАТШЫЛЫҚ ТАҒЫ ҚЫСАДЫ

Шикізат пен материал құнының тоқтаусыз қымбаттауынан түпкілікті өнім бағасы да аспандап барады.


Сәуір айындағы ахуалға қарағанда, Қазақстандағы инфляция көрсеткіші 12%-дық көлемдегі қалпынан шарықтап, 13%-дық межеден асып түскен. Бұл жайында Үкіметтің бүгінгі отырысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлімдеді.

Қазақстандағы инфляция, біздің болжамымызға сәйкес, наурыздағы 12%-дан сәуірде 13,2%-ға дейін жеделдеді. Азық-түлік бағасының жылдық өсімі 15,4%-дан 17,9%-ға дейін өсті. Азық-түлік тауарларының арасында әсіресе қант, қырыққабат, күнбағыс майы қымбаттаған, — деді Ғалымжан Пірматов.


Ұлттық банк төрағасының айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік құнының апта сайын қымбаттауы біршама тұрақталған. Бірақ наурыз айында бірқатар өнімге сұраныс күрт артқандықтан, қымбатшылық әлі де болса сезіледі. Оның үстіне, Ғалымжан Пірматов жыл соңына дейін инфляция жоғары деңгейде сақталады деді. Бұл дегеніміз, қымбатшылық қазақстандықтарды тағы да қос бүйірден алмақ.


Артқа оралу Келесі жазба