ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ҚАУІП ТӨНІП ТҰР

Ресей минералды тыңайтқыштар экспортына тыйым салмақ, деп хабарлайды Мalbazar.kz.

Ресейдің Өнеркәсіп және сауда министрлігі жергілікті өндірушілерді минералды тыңайытқыштар экспортын тоқтатуға шақырды. Бұл қадам шетелдік логистикалық компаниялардың Ресейге жасалған қысымымен байланысты.


Демек, әлемнің бірқатар елінде көктемгі дала жұмыстарына қауіп төнуі мүмкін. Оның ішінде Қазақстан да бар. Біздің ел минералды тыңайтқыштардың көп бөлігін Ресейден алып отыр.


Қазақстан бұл тығырықтан қайтіп шығады? Атауы «ауыл шаруашылығы» болғанымен ауыл шаруашылығынан алыс жатқан министрлік қандай қадам жасайды? Қазір отандық шаруаларды осы сауалдар толғандырып отыр. Олар әні-міне басталғалы тұрған дала жұмыстары ойдағыдай өтпеуі мүмкін деп алаңдаулы.


Еске сала кетейік, Ресей минералды тыңайтқыштар жеткізу бойынша әлемдегі көшбасшы үш мемлекеттің қатарында. Тиісінше, Ресей жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөлге ие. Былтыр бұл елде 24,9 млн тонна минералды тыңайтқыш өндірілген. Оның шамамен 65 пайызы экспортқа шығарылады.

Артқа оралу Келесі жазба