Қазақстанда малдың өлім-жітімі көбейді

2021 жылы қой-ешкінің өлім-жітімі айтарлықтай көбейді. Нақтырақ айтсақ, 2020 жылмен салыстырғанда былтыр ешкінің өлім-жітімі 39 пайызға артқан. Яғни, 1,8 мың басқа азайды. Қойдың өлім-жітімі 23,3 пайызды құрады – 43,3 мыңы өлім-жітімге ұшыраған, деп хабарлайды Мalbazar.kz.

Ranking.kz-тің хабарлауынша, ірі қара мен жылқының өлім-жітімі де 2020 жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп. Мәселен, былтыр 18 мың бас ірі қараның өлім-жітімі тіркелген. Бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 1,5 пайызға жоғары. Сондай-ақ өткен жылы 4,6 мың бас жылқы қырылды – өсім 15,8 пайызға тең. Ал 801 түйе өлім-жітімге ұшырап, көрсеткіш 2020 жылғы деңгеймен салыстырғанда 5,3 пайызға ұлғайған.


Былтыр өлім-жітім айтарлықтай көп тіркелсе де, мал басы өскен. Айталық, ірі қара мал 4,3 пайызға көбейіп, жалпы саны 8,2 млн басқа жетті. Қойдың өсімі 4,7 пайызды құрады. Бүгінде елімізде 18,6 млн бас қой бар. Жылқы саны 11,3 пайызға өсіп, 3,5 млн-ға жетті. Түйе басы 243,4 мыңға тең. Өсім – 7,1пайыз.

Артқа оралу Келесі жазба