Қазақстанға ең кемі 100 мың фермерлік шаруашылық қажет

Малды жайылымда бағу қызыл ет өндірісінің өзіндік бағасын төмендетеді. Осылайша, қазақстандық өнім әлем нарықтарында бәсекеге қабілетті бола алады, деп Мalbazar.kz.

Премьер-министрге депутаттық сауал жолдаған мәжілісмен Азамат Әбілдаев осындай мәселе көтерді.


– Жайылымды жердің ауданы бойынша біз әлем бойынша бесінші орында тұрмыз. Бұл дегеніміз – 186млн гектар жер немесе елдегі ауыл шаруашылық жерлерінің 85%-ы. Ол Қазақстанға отарлы мал шаруашылығын дамыту үшін орасан зор мүмкіншілік береді. Әлемде қызылетті тұтыну деңгейі күн санап артып, баға өсіп келеді. Ең ірі импорттаушы елдер – іргелес жатқан көршілеріміз Қытай мен Ресей. Ал Орта Азия елдері, Араб әмірліктері мен Түркия қой етін көптеп тұтынады. Осылайша, қазақстандық қызылетті өткізуге арналған ірі нарықтар бар. Әлемдік нарықтарға шығу үшін Қазақстанға ең кемі 100 мың фермерлік шаруашылық қажет. Демек, қолдағы барымызға қоса тағы ең кемі 80 мың бизнес иесі қажет етіледі, – дейді ол.

Жаңа фермерлер ауыл тұрғындары үшін жұмыс орындарын ашып, сабақтас салалардағы тауарлар мен қызметтерге сұранысты қалыптастыра алады.


– Мысалы, өсімдік шаруашылығында астықты етке конвертациялау – 1 млн тонна астық 300 млндоллар экспорттық түсім береді. Осы астықтан 200 мың тонна қызыл ет алуға және 1 млрд доллар пайда табуға болады, – дейді депутат.

Назад Следующая запись