АТЫРАУДА ФЕРМЕР ӨЗ АЛМАСЫНАН ШЫРЫН ӨНДІРУДІ ЖОЛҒА ҚОЙДЫ

Шаруашылық басшысы Владимир Розметов 150 гектар жерге 30-дан астам алма ағашын отырғызып, 650 тонна өнім жинады. Осы жылға дейін барлық өнімдер экспортталып отырған, енді кәсіпкер шырын өндірісін жолға қойды.

«Шырынымыз Атырауда бөтелкеде сатылып жатыр. Ешқандай қоспалар жоқ, барлығы табиғи өнім. Біз бақшаны кеңейтуді жоспарлап отырмыз», — дейді фермер.

Цехта бір ауысымда екі тонна алма өңделеді, 12 тұрақты жұмыс орны құрылды. Жеміс жинау маусымында Сарайшық ауылынан қосымша 50-ге жуық адам жұмысқа алынады.

Жеміс шырыны қазірдің өзінде жергілікті нарықтардасатылады.

Қарапайым адамның табысты бизнес бастап кетуінің керемет үлгісі. Солай емес пе?

MalBazar телеграм-арнасында әрдайым пікір-ойларыңызды жаза аласыздар.

Назад Следующая запись