АҚТӨБЕЛІК ШАРУАЛАР ҮКІМЕТТІҢ УТИЛЬ АЛЫМҒА ҚАТЫСТЫ ШЕШІМІНЕ ҚАРСЫ

Фермерлер ауыл шаруашылығына арналған утиль алымды мүлде алып тастау керек деп есептейді.

Ақтөбе шаруалары Үкіметтің утиль алымға қатысты шешімін «Shopan ata» Қазақстан Ұлттық мал өсірушілер қауымдастығы ұйымдастырған өңірлік құрылтай барысында естіп, жаппай қарсылық білдірді. Олар Үкіметтің утиль алымның бағасын 50 пайызға төмендету туралы шешімімен келіспейді.


Жалпы, «Shopan ata» қауымдастығының Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында ұйымдастырған өңірлік құрылтайларында шаруалар утиль алымға қарсы шығып, бұған жауапты премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың отставкаға кетуін талап етуде.

Артқа оралу Келесі жазба