АШМ СУБСИДИЯЛАРЫ: БІР ЖҰМЫРТҚА ҮШІН 3 ТЕҢГЕ. КӨП ПЕ, АЗ БА?

1 шілдеден бастап отандық жұмыртқа өндірушілер субсидия алуға өтінім бере алады. 1 жұмыртқа 3 теңге көлемінде субсидияланады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 6,5 млрд.теңге бөлінді. Ал өткен жылы жұмыртқа құс шаруашылығын қолдауға 4,3 млрд.теңге бағытталды.

Министрлік елімізде құстардың саны 47,1 млн басқа дейін немесе 3,7% — ға өскенін хабарлады. Жұмыртқа өндірісі 12,1% — ға артты. Ішкі нарық тағамдық жұмыртқамен 100% қамтамасыз етілген.

Мемлекет отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді жеткілікті деңгейде қолдау көрсетіп жатыр ма?

Өз пікірлеріңізді MalBazar телеграм-арнасында қалдырыңыздар

Артқа оралу Келесі жазба