АШМ: ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӨРТ АГРОӨНЕРКӘСІПКЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЗИЯН КЕЛТІРГЕН ЖОҚ

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қостанай облысындағы өрттер агроөнеркәсіптік кешенге айтарлықтай зиян келтірмегенін хабарлады.


«Соңғы мәліметтер бойынша, 4 қыркүйекте Қостанай облысында өрт салдарынан Қарасу ауданының Люблинка ауылында және Әулиекөл ауданының Аманқарағай ауылында 12 бас ірі қара мал, 118 бас шошқа және 261 бас құс қырылды», — деп хабарлады ведомствода.


Облыс әкімдігі мен ТЖМ деректері бойынша орман өрттерінің салдарынан ауыл шаруашылығы дақылдарының зардап шеккен егістіктерінің елеусіз учаскелері бар, бұл ретте алқаптарды жаппай жою болған жоқ.


Өз пікірлеріңізді MalBazar телеграм-арнасында жаза аласыз.

Назад Следующая запись