АСА ӨЗЕКТІ: КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІ ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫ ШӨЛГЕ АЙНАЛДЫРУДА

Дәл осылай АҚШ ғалымдары айтып отыр. Соңғы 40 жыл ішінде шөл аумағы Орталық Азияның кейбір бөліктерінде 100 км-ге таралған.

Зерттеушілер Орталық Азияны 11 климаттық түрге бөлу үшін 1960 жылдан 2020 жылға дейінгі ауа температурасы мен жауын-шашын туралы мәліметтерді пайдаланды.

Эколог Джеффри Дюкстің айтуынша, уақыт өте келе температураның жоғарылауы мен жауын-шашынның азаюы ыстық және құрғақ жағдайларға бейімделген өсімдіктер түрлерінің басым болуына әкеледі.

«Бұл далаға немесе шалғындарға тәуелді жайылымдық жануарларға әсер етеді. Кейбір аймақтарда құрғақшылық жердің өнімділігін өлі топыраққа айналғанға дейін төмендетеді», — деді Дьюкс.

Сондай-ақ, тау-кен және ауыл шаруашылығы да шөлейттенуге ықпал етеді. Сондықтан Орталық Азия елдері тұрақты ауыл шаруашылығы мен урбанизацияға назар аударуы керек делінеді.

Қазірдің өзінде елімізде су жетіспеушілік мәселелесі өрбіп тұр. Ауа-райы 40 градус жылылықты көрсетуде. Шынымен де, климаттың өзгеруі әсер етуді бастап кеткен бе?

Пікірлеріңізді MalBazar чатына жаза отырыңыздар

Назад Следующая запись