ҚАРАШӨКЕЕВ СӨЗІНДЕ ТҰРА МА?

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев астық экспортына тыйым салынбайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Malbazar.kz.



Министрдің айтуынша,Қазақстанда ішкі нарықты және экспорттық келісімшарттарды қамтамасыз ететін астық пен ұнның көлемі жеткілікті.


Е.Қарашөкеевтің дерегінше, Қазақстанда 7,4 млн тонна астық қоры бар. Оның 6 млн тоннасы – азық-түлік ретінде пайдаланылатын астық. Сонымен қатар қорда 144 мың тонна ұн бар. Бұл көлем ішкі нарықты шамамен 300 күн қамтуға жеткілікті.


Ол елдегі азық-түлікпен қамту жағдайы тұрақты деп сендірді.


Еске сала кетейік, Ресей астық экспортына тыйым салды. Оның ішінде Қазақстанға келетін астық татыйылды. Осы жағдайдан соң біздің елдегі астық бағасы күрт көтерілді. Бұрын тоннасына 122 мың теңге төленсе, қазір баға 130 мың теңгеге дейін көтерілді. Ал елдегі ұн өндірушілер Қазақстанның астық экспортына баж салығын енгізуді ұсынған болатын.


Демек, елде астық қоры жеткілікті болса, алдағы уақытта ұн да, нан да, жем де қымбаттамауы керек. Ел алдында ақталған министр бұған кепілдік бере ала ма? Оны уақыт көрсетеді, әрине. Біздің тілек министрдің сөзі кезекті бір бәтуәсіз уәде болып қалмаса екен.

Артқа оралу Келесі жазба