ҚАРАШӨКЕЕВ ҚАРАПАЙЫМ ШАРУА ҚАМЫН ОЙЛАЙ МА?

Кеше үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев субсидия беруді қысқартамыз деп, фермерлердің үрейін алды.


Министрлік жем-шөп қоры, арнайы азық базасы жоқ шаруаларды субсидиядан айыруды көздеп отыр. Бұл ақпаратты естіген БҚО шаруа қожалықтары өре түрегелді. Әсіресе Бөкей Орда, Жаңа қала секілді шалғай аудандардағы шару қожалықтарына бұл мәселе өте ауыр тигелі тұр.


Себебі бұл жақтарда шөп онсыз да аз өседі, себебі жерлері құмды. Ал, қуаңшылық жылдары жерден тіпті қылтанақ таппай қалады.


Құмды ауылдар артық мал азығын дайындай алмайды, бұл жақта мал қысы — жазы далада жайылады. Бірақ, қуаңшылық жылдары қылтанақ теріп кеттік, мал азып кетті. Ал, оның үстіне субсидия берілмесе, үкімет қарапайым шаруаны қолдамаса мал қырылып қалмай ма, сонда бүкіл облысты етпен қамтып отырған аудандардағы мал көзі құрып кетпей ме?!,- деп ашынды «Шопан ата» республикалық қауымдастығының БҚ ОФ жетекшісі Талғат Байекенов.


Бүгінде БҚО-да 8 мыңнан астам шаруа қожалығы бар.Олардың ішінде асыл тұқымды мал өсіретіндері де баршылық. БҚО-да қыс ұзап кеткен жылдары мал азығы жетпей шаруалар сенделіп кеткен кездер де болған.


Қарашөкеевтің бұл жоспарына қатысты Ауыл шаруашылығы министрлігіне хабарласып, толығырақ ақпарат сұраған едік. Ондағы мақсатымыз бұл шешімді қабылдауға не түрткі болды, мүмкін басқа қолдау түрі, тетігі енгізіле ме, бұл шешім ауыл шаруашылығы үшін тиімді ме деген сұрақтарға жауап алғымыз келген. Әзірге жауап ала алмадық.

Артқа оралу Келесі жазба