АЛМАСБЕК САДЫРБАЙ: ТІРІ МАЛДЫ ЭКСПОРТҚА САТУДЫ ҚАЗІР АШУ КЕРЕК

«Shopan ata» Қазақстан ұлттық қой өсірушілер қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбай тірі малды Өзбекстанға экспортқа сатуды қазір ашу керектігін Үкіметке жеткізді.


«Тірі малды экспортқа шығару мәселесін талқыладық. Осындай әңгіме болды: ірі мал кәсіпкерлері шекараны каңтардан кейін ашуды ұсынып отыр және экспортқа сатумен тек 20 бордақылау алаңы айналысу керек. Ал мен малдың бағасы бүгін арзан, шекараны бір айға ашып, әр қазақтың шаруасы сатуға мүмкіншілігі болуы керек деген ұсыныспен шықтым», — деп жазды Алмасбек Садырбай Facebook-тегі жеке парақшасында.

Сондай-ақ, сарапшы осы жайлы посттың астына халықтан пікірлер жинауда.


Ал сіздер қалай ойлайсыздар? Шекараны тірі малды экспорттау үшін қазір ашу қажет пе немесе қаңтар мен ақпанға қалдыру дұрыс па?

Жауаптарыңызды Facebook-та, сондай-ақ, MalBazar телеграм-арнада қалдыруға болады.

Назад Следующая запись