ҒАЛИ ЕСҚАЛИЕВ ШАРУАЛАРҒА КЕЛМЕЙ, ФОРУМҒА КЕТІП ҚАЛҒАН

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев «Shopan ata»ұлттық мал өсірушілер қауымдастығы ұйымдастырған шаруалардың өңірлік құрылтайына келмеді. Әкім өзінің орнына бірінші орынбасары Арман Өтеғұловты жіберіпті, деп хабарлайды Мalbazar.kz.

А.Өтеғұлов әкімнің елде жоқ екенін, шетелге 1 ай бұрын жоспарланып қойған форумға кеткенін айтты.


Еске сала кетейік, «Shopan ata» ұлттық мал өсірушілер қауымдастығы өңірлерде жергілікті шаруалар құрылтайын өткізіп жатыр. Осыған дейін Маңғыстау және Атырау облыстарында құрылтай ұйымдастырылды. Оған облыс басшылары Нұрлан Ноғаев пен Махамбет Досмұхамбетов арнайы қатысқан еді.

Артқа оралу Келесі жазба