-
- А
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Б
- Батыс Қазақстан облысы
-
- Ж
- Жамбыл облысы
- Қ
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- М
- Маңғыстау облысы
-
- П
- Павлодар облысы
- С
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Т
- Түркістан облысы
- Ш
- Шығыс Қазақстан облысы
Санаттар
Санатты таңдаңыз
2 427 хабарландыру - барлық хабарландыруларды қарау »12.04.2022 в 15:28
АГРОҒАЛЫМДАР ЕҢБЕК БИРЖАСЫНДА ТІРКЕУДЕ ТҰР
12 сәуір – ғылым қызметкерлерінің күні! Бірақ ғылымды алға сүйрейтін ғалымдар жұмыссыз ретінде еңбек биржасында тіркеуде тұр, деп хабарлайды Мalbazar.kz.
«Шопан Ата» агроқозғалысының төрағасы Алмасбек Садырбаевтың айтуынша, қазақ ғылымының төл мерекесінде ғалымдар жетімнің күйін кешіп отыр.
-Еліміздегі ауыл шаруашылығына қатысы бар 14 ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары еңбек биржасында кезекте тұр. Ғылым магистранттары, кандидаттар, Phd докторларға еңбек биржасында көше сыпыру сияқты қоғамдық жұмыстар ұсынылады. Бұл не деген масқара? Ұят жағдай! Осы мерекеде сіздерді аянышты жағдайға жеткізген қазақтың агроғалымдарынан кешірім сұраймын. Бұған Үкіметте, Парламентте отырғандар, құжаттары бойынша «ғалымдар» кінәлі. Енді ешқашан қазақтың ғалымдары еңбек биржасында тіркеуде тұрмасын. Қазақтың агроғалымдары еңбек биржасында тұрса, біз қалай ауыл шаруашылығы туралы әңгіме айтамыз? – дейді Алмасбек Садырбаев.