«АДАМ ҒАНА ЕМЕС, МАЛ ДА ҚАШЫП ЖАТЫР»: КҮРШІМДЕГІ ҚАРА БҰЛТТАЙ ҚАПТАҒАН МАСА ШАБУЫЛЫ

Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім ауданының тұрғындары дабыл қағып жатыр. Масадан құтылар жол табар емес.

Адам да, мал да зардап шегуде.

«Бір сиырды сауу біз үшін мұң. Бұл ашты ақиқат. Әбден қотыр болып кеттік», — дейді тұрғындар.

Масамен күреске бөлінген қаражаттың қайда кетіп жатқаны белгісіз. «Неге халық қиналу керек? 21 ғасырда осындай масаға таланып, жем боламыз ба? Ұшақпен у шашу қажет», — наздануда халық.

Шаруалар осы салдардан егістікте тіпті жұмыс істей алмай жатыр.

Мәселені БАҚ арқылы шенеуліктерге жолдап жатыр.

Шынымен де, осы бағытта қыруар қаржы бөлініп жатыр деп баяндалады, алайда жәндіктер азаяр емес.

Өңірлеріңізде маса көп пе?

Пікірлеріңізді MalBazar телеграм-арнамызға жаза аласыздар

Назад Следующая запись