5 МЛН ГА ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛАДЫ

Қазақстанда 5 миллион гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарланып отыр, деп хабарлайды Malbazar.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жер қатынастарын цифрландыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жиында ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланудың ғарыштық мониторингі және оларды цифрландыру мәселелері қаралды.

Қазақстанда пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару көлемін төрт есеге ұлғайту жоспарланып отыр. 2021 жылы 1,3 млн га қайтарылды, 2022 жылы кемінде 5 млн га қайтарылмақ.

Қазір «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ базасында ауыл шаруашылығы жерлеріне ғарыштық мониторинг жасаудың жетілдірілген нұсқасын енгізу пысықталып жатыр. Платформа 2022 жылдың жазында іске қосылады.

Артқа оралу Келесі жазба