1 ГА ҚЫРЫҚҚАБАТ – 10 МЛН ТЕҢГЕ ТАБЫС

Түркістан облысының шаруалары 1 гектар қырыққабаттан 10 миллион теңге табыс табады, — деп хабарлайды Malbazar.kz.

Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы диқанның бірі биыл 12 гектар жерге қырыққабат егіп, 400 тонна өнім жинамақ. Табысы — 120 млн.теңге. Содан кейін мақта егіп, екінші рет өнім алуды жоспарға енгізген. Биыл қырыққабаттың 1 келісі егістік басынан 280 теңгеге сатылып жатыр.


«Өңіріміздің негізгі драйвері – ауыл шаруашылығы. Біз ағын су мәселесін, диқандарға жағдай жасау жолдарын үнемі назарда ұстап келеміз. Әрдайым шаруалар жағындамын. Біздің ауа-райымыз бір жылда екі-үш рет өнім алуға мүмкіндік береді. Ерте пісетін көкөністі өсіруге өте қолайлы. Түрлі тәсілдерді шаруаларға ұсынып жатырмыз», – деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев шаруалармен кездесуде.


Қазіргі таңда Жетісай диқандары қырыққабаттың ерте пісетін түрлерінен 200 тонна өнім жинап, Ресейге экспорттап үлгерген. Әр гектарынан 10 миллион теңгеден астам таза табыс тапқан көрінеді.

Артқа оралу Келесі жазба