1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР ТЕК 30 АДАМ ҮШІН БЕ?

Мәжіліс депутаты Зәкіржан Кузиевтің айтуынша, Алматы облысында 1,5 млн га жер 30 адамның меншігінде.

«Мысалы, Нарынкөлде 415 мың гектар жер 20 адамға тиесілі. Кегенде 512 мың гектардың 11 иесі анықталды. Ал Ұйғыр ауданында аңшылық алқаптардың 97%-ы алты адамда, яғни 415 мың шақырым жер», — дейді депутат.

Жағдай жергілікті шаруаларға қиындық туғызуда.

«Әрине, бұл адамдар бүкіл аумақты қоршағандықтан жергілікті тұрғындар жазда мал бағып, сол жерден шөп жинай алмайды. Иелері іс жүзінде сол жерлерде тұрмайды, сондықтан экология және табиғи ресурстар министріне депутаттық сауал жолдадық. Егер әділетті Қазақстан орнатқымыз келсе, осыны реттеу керек», — деп наразылық танытып отыр депутат.

Алайда, жер иелерінің есімдерін депутат айтпады.

«Мен қазір ол жерде шенеуніктің кім екенін айта алмаймын, менде ресми деректер жоқ, бірақ арасында бизнесмендер мен шенеуніктер де бар», — деді Кузиев.

Шенеуніктер мен бизнесмендер қарапайым халықтың қамын қашан ойлайды? Осы жағдай 15-20 жылға созылып келеді. Бір шешімі болар ма?

Ал сіздер не ойлайсыздар? Телеграм-арнамызға қосылып, пікірлеріңізбен бөлісіңіздер

Назад Следующая запись